530
image

Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) – буындардың созылмалы дегенеративті-дистрофиялық ауруы, яғни буын бетінің өзгеруіне әкелетін, буын шеміршегінің алғашқы дегенерацияға ұшырауы әсерінен буынның мүжіліп, деформацияға ұшырауы және қызметінің бұзылуы.
ДОА біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік ДОА дені сау буынға күш түсу әсерінен болса, екіншілік ДОА бұрын өзгеріске ұшыраған буын шеміршегінде пайда болады, мысалы жарақаттан кейін.
Себептері: 1) сау буын шеміршегіне шектен тыс күш түсуден, яғни кәсіптік, тұрмыстық әсерден, спорттың, артық салмақтың әсерінен, жарақат алудан кейін болады.
2) буын шеміршегінің төзімділігі төмендегенде, қалыпты физиологиялық күш түскенде пайда болады (артриттер, гемартроздар, метаболикалық аурулар – подагра, хондрокальциноз, сүйек тіндерінің ишемиясы, остеодистрофия, эндокриндік бұзылыстар – акромегалия, жыныс бездерінің аурулары, тұқым қуалаушылық).
Патогенезі: жоғарыда айтылған себептер әсерінен буын шеміршегі тез және ерте өзгеріске ұшырап “қартаяды”, яғни шеміршек өзінің серпімділігін жоғалтып, сызаттар пайда болады, бірте-бірте шеміршек жойылады. Буын бетіне күш түскенде буындар бір-біріне тығыздалып, ишемияға ұшыраған аумақ түзіліп, ол склерозданады, сүйектенеді, буын шеттерінде остеофиттер пайда болады.
Клиникалық белгілері:
-        буынға күш түскенде ауырсыну сезімі пайда болады, әсіресе кешке. Ал тыныштық кезінде және түнде басылады;
-        буында ауырсыну сезімі алғашқы қадам жасағанда пайда болып, жүргенде басылады, күш түскенде қайта пайда болады;
-        буынның ісініп кетуі;
-       буындар арасында некрозға ұшыраған шеміршек қысылып қалғанда, ауырсыну аяқ астынан пайда болады,тіпті аз қимылдағанның өзінде де сезіледі;
-        буын қимылдағанда сықырлар пайда болады;
-        көбінесе тізе, жамбас буындарында кездеседі;
-        буындардың деформациялануы анық байқалады;
-        буындар қозғалысының шектелуі.
Емі:
-        өзгеріске ұшыраған буынға күш түсірмеу, ауруды үдетпеу үшін көп жүрмеу, ұзақ тұрмау, баспалдақпен көп көтерілмеу, таяқ немесе балдақ қолдану, қажет болса кәсібін өзгерту, салмақ тастау;
-        шеміршектің метаболизмін жақсарту және сүйек тіндерінің микроциркуляциясын арттыру максатында хондропротекторлар қолдану, жасанды синовиалды ерітінділер енгізу, метоболикалык препараттар, антиоксиданттар, физиотерапиялық емдер қолдану;
-        буындағы ауырсынуды басу үшін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қолдану;
-        буын қызметін жақсарту үшін емдік дене шынықтыру .мен сылап-сипау, шипажай емін, ортопедиялық ем қолдану;
-        аурудың сатысына байланысты науқас ауруханаға жатқызылады, жылына бірнеше рет жоспарлы тексеру (буын рентгенографиясы жылына бір рет) және ем жүргізіледі.

 

maksat.kz
img
710
Сал ауруы..... Себеп-салдар
Сал ауруы..... Себеп-салдар
img
1468
Көш және көшбасшы
Көш және көшбасшы
img
3045
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
Белгілі продюсер Гулзира Айдарбекованың тұсау кесуі
img
3692
MAKSAT MеД клиникасы
MAKSAT MеД клиникасы